#Жамбыл: Өмірдің құндылығы мен қадір-қасиеті

#Жамбыл: Өмірдің құндылығы мен қадір-қасиеті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл ауданы орталық «Бәйдібек» мешітінде ауданның бас имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлы бесін намазына келген жамағатқа «Өмірдің құндылығы мен қадір-қасиеті» турасында кеңінен уағыз айтып, жамағат қойған сұрақтарға жауап берді.

 Өмір – адам баласына берілген басты құндылық. Адам баласы Алла Тағаланың сыйлаған ғұмырының әр сәтін бағалап, оны өзіне ізгілік амалдар жасауға берілген мүмкіндік деп түсінуі қажет.

Алла Тағала қасиетті Құранның «Мүлік» сүресі, 2-аятында: «Ол сондай Алла, қайсыларың жақсырақ амал жасайтындарыңды сынау үшін өлім мен өмірді жаратты», - деп айтқан. Адам ғұмыры ізгілікке толы әрі ұзақ болғандығы жақсы. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадисінде: «Адамдардың жақсысы өмір жасы ұзақ әрі амалдары ізгі болғандары», - деген.

Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: