Жамбыл аудандық Өрт сөндіру бөлімшесінде аудандық «Бәйдібек» мешітінің бас имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлының қатысуымен өрт сөндіруші қызметкерлерге арнап арнайы кездесу өткізілді.
Кездесудің басты тақырыбы «Адам өмірінің маңыздылығы» жайында болды. Әрине, адам өмірінің қауіпсіздігі бірінші орында. Дегенмен де, адам баласы өз өмірінің қорғаушысы. Адам баласы, өз өміріне жауапты. Тілсіз жаудың кесірінен қаншама адамның өмірі қиылып кетті емес? Міне, сол келеңсіздіктерге жол бермеу үшін адам баласы мейлінше, өз өмірін қорғауға міндетті.
Келелі кездесудің басты тақырыбы осы адам өмірінің қаусіздігіне және оның өмірінің маңыздылығы жайында өрбіген еді. Сонымен қатар, адам өмірін маңызды ететін ол оның жақындары мен рухани білімі деуге болады. Олай деуіміздің себебі, адам рухани кемел болса, өмірінің маңызы арта түседі.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі