#Т.Рысқұлов: «Ислам және дәстүр» тақырыбында кездесу өтті

#Т.Рысқұлов: «Ислам және дәстүр» тақырыбында кездесу өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тұрар Рысқұлов ауданы Қорағаты ауылдық орта мектебінде діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу барысында «Ислам және дәстүр» атты тақырыпта жоғары сынып оқушыларымен кездесу өтті. Кездесуде Қорағаты ауылдық «Қорағаты» мешітінің имамы Нұрдәулет Байқожаев тақырып төңірегінде кеңінен сөз сөйлеп, оқушыларға баяндама жасады.

Нұрдәулет имам сөзінің басында: «Ислам діні бұрынғы халықтардың надандық дәуіріндегі дәстүрлерін толықтай іске алғысыз етпеген. Пайғамбарымыз «Уа, Саиб, надандық дәуірінде істеген ізгі істеріңді Ислам кезеңінде де тоқтатпа. Қонақтарыңды күт, жетімдерді тамақтандыр және көршілеріңмен жақсы сыйлас» деу арқылы надандық дәуіріндегі жақсы әдеттерді жалғастыруды ұсынған. Пайғамбарымыз да алғашқы уахи түскен сәтте Жәбірейілді көріп қорыққан кезде, Хадиша анамыз «Сен ағайынға қарайласасың, өз ісін істей алмайтын жағдайы мүшкілдер мен кедейлерге қамқор боласың. Қонақ күтесің, хақ жолында ауыртпалық тартқандарға қол ұшын бересің» деп, надандық дәуіріндегі жақсы әдеттер мен дәстүрлерді санамалаған.

Хазірет пайғамбар надандық дәуірінде атқарылған қажылық қызметтерінен «сиқая» (қажыларға су тарату ісі) мен «сидана» не «һижаба» (Қағбаның күтімі және кілтін сақтау міндеті) сияқты әдеттерді жалғастыруға рұқсат еткен. Өйткені Меккені азат ету кезінде Пайғамбарымыз «Назар салыңдар! Қағбаның қызметі мен қажыларға су таратудан өзге өткенге тиесілі бүкіл әдет-ғұрыптарың, құн және мал дауларың аяғымның астында» деу арқылы ислам құндылықтарына жат нашар әдеттердің енді тоқтайтынын білдірген, - деп Пайғамбарымыздың кезінен мысал келтірді.

 Қуаныш Тузелбеков

Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: