Ардақты Алла елшісіне (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Жәбрайіл періштенің үйреткен білімнің бірі - Ихсан. Бұл мұсылман қауымы үшін зор мағынаға ие. Сондықтан иман дәмін тату үшін Ихсанды жүрекке сіңдіргеніміз абзал.
Жуырда Шу ауданы "Амангелді" мешітінің имамы Әбубәкір Абдрайымов ауыл жамағатына уағыз айтып, Ихсан іліміне оның ішінде тақуалыққа жету жолдары мен қағидаларын тәптіштеп түсіндіріп берді. Тақуа құл болу үшін қандай амалдар жасау керектігін айтты. Сонымен бірге жиналғандардың сұрақтарына жауап берді.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі