Діннен қуат алып, дәстүріне негіз еткен бабаларымыздан көптеген накылдар қалған. Ол туралы қара өлең жолдары мен мақал-мәтелдерінен, тыйым нанымдарында айқын көрініс тапқан. Құдайдан қорықпағаннан қорық деген мақалдың өзі бізге мол ақпарат береді.
Жанында Шу ауданы Жаңа жол ауылындағы Күнту баба"" мешітінің имамы Берік Әуесбаев мешіт жамағатына дін мен дәстүрдің біте қайнасуы, олардың өмірдегі орны, шариғатқа қайшы келетін ескі дәстүрді есептен шығару керектігі туралы уағыз айтып, тақырыпты талқыға салды. Сонымен қатар сұрақтарға жауап беріп, көпшілікпен дұға етті.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі