Жамбыл облысы Қордай ауданында «Дерадикаландырудың заманауи тәжірибелері және оңалту жұмыстарының тәсілдері» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсы өз мәресіне жетті.
Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті мен Діни экстремизмге қарсы іс-қимыл орталығының ұйымдастыруымен бастау алған шараға Жамбыл облысының имам-ұстаздары қатысқан болатын.
2 күндік дәрістен соң 45 имам сертификатпен марапатталды. Арнайы курс өткендігін растайтын қағазды Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті, Діни экстремизмге қарсы іс-қимыл орталығының директоры Тимур Нүсіпханұлы мен Қордай ауданының бас имамы Асқар Зәкіржанұлы табыстады. Мамандар семинарға қатысқан барлық имамдарға жұмысында жеміс пен сәттілік тіледі.
Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі



13 Қаңтар 2026
24 Раджаб 1447

