Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің бас имамы Азамат Берікұлының бастамасымен аптаның әр бейсенбісі дүниеден өткен жандарға, оның ішінде осы мешітке көп еңбек сіңірген аталарымызға, жамағат арасында дүниеден өткен аруақтарға және т.б. Құран оқып сауабын бағыштау ісі қолға алынған болатын.
Әр бейсенбі Құран Кәрімнің «Ясин», «Мулк», «Ар-Рахман» тәрізді және басқа да сүрелері оқылып, марқұмдарға бағышталады. Құран оқытып, сауабын жолдағыңыз келсе, ата-анаңыз бен ағайын-туыс, бауырларыңыздың тізімін «Меркі ата» мешітінің қызметкерлеріне табыстай аласыз. Мешіт қызметкерлері тізімде көрсетілген адамдардың атынан жиналған садақа қаражатына ай сайын мұқтаж жандарға азық-түлік таратылуда.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі