ҚМДБ Тараз қаласы «Кеңесхан қажы» мешітінде дұға және фикх сабағынан жарыс өтті. Сауат ашу тобының шәкірттері өзара намаздағы дұғаларды дұрыс оқудан, осы уақытқа дейін фиқһтан өткен тақырыптардан жарысты. Құранға түсудің алдын өздерін бір сынап алды. Дайындыққа 2 апта уақыт берілді.
Бірінші, екінші, үшінші орындарға ие болған шәкірттер сыйлықтарға иеленді. Әділ-қазы алқасы Тараз қаласы «Әзірет Әли» мешітінің ұстазы Айтолқын Бақытжанқызы болды.
Іс-шараны ұйымдастыруда Тараз қаласы әйел-қыздар секторына жауапты маман әрі «Кеңесхан қажы» мешітінің ұстазы Жібек Болатбекқызы мен «Үшқоңыр медресе-колледжінің» түлектері атсалысты.
Жібек Болатбекқызы
«Кеңесхан қажы» мешітінің баспасөз қызметі