Меркі ауданы, Сұрат ауылдық «Сұрат» мешітінің имамы Абдрахманов Азамат Оразқұлұлы бесін-ақшам намаздарындағы кезекті насихатын жүргізді.
Жиналған жамағатқа «Қияметтің кіші белгілері» жайында уағыз айтып, намазын өткізді. Тағы бір айта кетерлік жағдай, үстіміздегі жыл ауыр басталғаны анық. Осыған байланысты имам уағыз соңында ауыл халқын сабырға шақыра отырып, мұның бәрі Алладан болған ескерту, сынақ екеніне тоқтала келе, адамның басына келген үлкенді-кішілі сынаққа мұсылман баласы тек сабырмен қарау керек екенін түсіндіріп берді.
Намаз соңында ақсақалдарымыз имамға ақ батасын беріп, өз ризашылықтарын білдірді. Кейіннен жамағат осындай әсерлі уағыздың жиі болып тұруын өтінді.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі