Жақсылыққа шақырып, жамандықтан қайтару мұсылман баласы үшін парыз. Сол парызды өтеу үшін жұмыс істеп жүрген жандардың бірі-мешіт имамдары мен молдалары. Олар алған білімдерін жұртқа таратып, мойнындағы парызын барынша өтеп жүр.
Жақында Шу ауданы Көкқайнар ауылдық мешітінің имамы Темірлан Оразбаев ауылдық Мәдениет үйінде ауыл тұрғындарымен кездескен болатын. Аталған кездесуде имам діни экстремизм мен террориз Ислам дініне жат екендігі туралы түсіндіріп, асыл дініміздің түпкі мақсаттарын баяндады.
Ауыл тұрғындар уағызды мұқият тыңдап, мол мағлұмат алды. Өздерін мазалаған сауалдарын қойып, дін маманынан тиісті жауап алды.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі