Қордай орталық мешітінде "Орамал - біздің ұятымыз, арымыз" тақырыбын ұрандатып рухани кеш көш бастады. Апта басында өткізілген шараға қыз-келіншектер, ұстаздар, "Әжелер алқасы" келіп қатысты.
Рухани кеште нәзік жандылар арасында орамалдың сәнін келтіріп, көркем етіп тағудан сайыс өтті. Сонымен қатар орамал жайлы монолог, өлеңдер, аят-хадистер оқылды.
Ал мешіт ұстазы Эльмира Есімқараева ар мен намыстың жалауы болған орамалдың қадір-қасиетін түсіндіретін әсерлі уағыз айтты. Қазылық еткен әжелер оң бағасын беріп, қыздардың орамалға деген сүйіспеншілігіне тәнті екендерін жасырмады.
Қызықты әрі білімге толы өткен шара жамағаттың есінде ұзаққа сақталары сөзсіз.
Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі