#Қордай: Әжелер алқасы қыз-келіншектерге насихат айтты

#Қордай: Әжелер алқасы қыз-келіншектерге насихат айтты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Әже тәрбиесі тек қазақ халқында емес, әр ұлтта өзіндік орын алады. Бұған "бала қымбат, немере ыстық" деген түсінік себеп болса керек. Ал қазақ ұлтының тәрбиесінде әжелердің рөлі қандай?  Тобықтының анасы саналған Зере әже бүкіл халықтың данасы атанған Құнанбайұлы Абайды өсіріп, жеткізді. Қазақ әжелері жайлы сөз қозғағанда, қазақтың тұңғыш ғалым, зерттеушісі Шоқан Уалихановтың Айғаным әжесі жайлы айтпау мүмкін емес.

Міне, осындай көп көрген әжелердің ізін жалғап келе жатқан  Қордай аудандық "Әжелер алқасы" орталық мешітте қыз-келіншектерге арналған тәрбиелік сағат өткізді.

Қыз-келіншектердің тәрбиесі қандай болуы керек, өзін-өзі ұстауы, ортадағы әрекеті, құлқы сөз болды. Батысқа еліктеген жастардың заманында шариғатымызға сай, әйел адамға сай мінезде болудың мәні жеткізілді. 

Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: