#Жамбыл: «Нәпсі тәрбиесі» уағыздалды

#Жамбыл: «Нәпсі тәрбиесі» уағыздалды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл ауданы Бесағаш ауылы «Бесағаш» мешітінің имамы Керимов Айтжан мешітке келген жастарға «нәпсі тәрбиесі» турасында кеңінен уағыз-насихат жұмыстарын жүргізді.

Ауыл имамы жастардың қойған сұрақтарына жауап берді. Нәпсімен күресі, оны тәрбиелеу – адам баласының екі дүниеде бақытты не бақытсыз болуын айқындайтын негізгі себептердің бірі. Сондықтан, нәпсімен күресу – үлкен жиһад деп танылады.

Халқымызда «Мықтымын деп мақтанба ақыл білсең, мықты болсаң алдымен нәпсіңді жең», - деп айтылуы тегін емес. Өйткені, нәпсімен күресу үшін адамның бойында үлкен ерік пен жігер керек. Мұсылман адам ішкі қалауы әлдебір ой салғанда, сол істің дұрыс-бұрыстығын саралап барып істеуі керек. Әйтпесе, нәпсісінің қалауын орындай беру адамды орға жығары сөзсіз.

Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: