Жамбыл ауданы Жасөркен ауылында «Тұрыс» мешітінің имамы Досмұханбетов Бауыржан «Кемел кездесу» айлық дастарханын ұйымдастырып, «Ырыс алды – ынтымақ» тақырыбында насихат жүргізді.
Аталған кездесу ауылдық әскери бөлімше қызметкерлеріне арнап ұйымдастырылған болатын. Ауыл имамы кездесуде әскери қызметкерлерге «ырыс» сөзінің мағынасын отанды сүю деген тіркеспен байланыстырды.
Пенденің кіндік қаны тамған әрі өскен жерін «Отан» деп атаймыз. Заңдық тұрғыдан алғанда өз алдына бекітілген шекарасы, ел басқарар патшасы, құқықтық заңдары, тілі, діні, салт-дәстүрі бар тәуелсіз мемлекетті «Отан» десек, сол қасиетті мекенде өмір сүріп жатқан халыққа «отандас, жерлес» деп айтамыз. Сол үшін адам туған жерін, Отанын қастерлеп, қадірлейді. Туған жері мен елін құрметтеу, оның даңқын асыру әрбір азаматтың қастерлі борышы. Ал исламда «отанда сүю – иманнан» деген қанатты сөз бар.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі