#Шу: Азан дауысы әуелей түспек

#Шу: Азан дауысы әуелей түспек

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Азан- жер бетіндегі ең әуезді үн. Мұсылмандар үшін қастерлі үн.  Азанның діндегі орнын, оның қасиетін Пайғамбарымыз (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын)  хадистерінде қадап айтқанын білеміз.  Мәселен, Әбу Һурайрадан риуаят етілген хадисте ардақты Алла елшісі (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай деген: «Адамдар азан шақыру мен намаздың алдыңғы сапында тұрудың не екенін (қайыры мен сауабын) білсе және бұған қол жеткізу үшін жеребе тартудан басқа шарасы болмаса, міндетті түрде жеребе тартар еді!».  Міне, осы амалдың қаншалықты ізгі екенін жоғарыдағы хадистен аңғаруға болады.

Жуырда Шу ауданы «Төле би» мешітіне қалталы азаматтардың қатысуымен, мешіттің бас имамы Талғат Кәрібайұлының ұйытқы болуымен азан дауысын күшейтетін құрылғы мен дауыс ұлғайтқыш алынды. 600 ваттық дауыс күшейткіш пен 8 дана дыбыс қоңырауы әп-сәтте орнатылып, тексерістен өтті. Бұл жұмыстарға 800 мың теңге жұмсалған. Сауапты іске жұмылған жомарт жандарға бас имам батасын беріп, шаруаларына береке тіледі.

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: