#Жамбыл: Ихсан – жанға азық, тәнге шипа

#Жамбыл: Ихсан – жанға азық, тәнге шипа

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл ауданы қызылдихан ауылы «Махат ата» мешітінің имамы Ескендір Чалиев бесін намазына келген мешіт жамағатына «Ихсан – жанға азық, тінге шипа» деген тақырыпта уағыз айтты.

Адам баласы ізгі амалда қалайша ықыласты болмақ? Ықылас қайтсе оянбақ? Бұл жүрекпен тікелей байланысты мәселе. Жүрек сау болғанда ғана адамның иманы артады.

Әйгілі сахаба Әли (оған Алла разы болсын) былай деген екен: «Жүрегіңіз үш нәрсенің мекені болсын: иманның, үміттің және сүйіспеншіліктің». Жаман ойлардан, түрлі дерттен аман болған жүрек орныққан, тыныштық тапқан жүрек болып саналады. Жүрек жақсы ойдың, ізгі ниеттің бастауы болғандықтан, оны үнемі иманмен толтырып отыруымыз керек. Иманмен нұрланбаған жүректі дерт жайлайды. Дерті бар жүрек күнәмен күресе алмайтын хәлге жетеді. 

Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: