Жүректі елжіретіп, жанымызды толқытатын жақсылықтарды жазуға үнемі бейілміз. Өйткені жария берілген садақа өзгелерді осы іске ынталандырады. Бал жөнінде дінімізде көптеген мысалдар келтірілген.
Жуырда Шу ауданына қарасты мешіттерде бірқатар қайырымдылық шарасы өткен болатын. Соларды ретімен назарларыңызға ұсынамыз.
Шу ауданы "Айткүл баба" мешіті бұрынғы дағдыдан жаңылмай, жұмыстарды жандандыруда. Олар 1 қойдың етін 5 мұктаж үйге таратып, алғыс алды. Сонымен бірге 3 отбасыға азық-түлік пен киімдер беріп, ризашылыққа бөленді.
Ал, Шу қаласындағы "Кәрібай молда" мешіті асыраушысы жоқ анаға 1 кілем сыйласа, "Әбу Бәкір ас-Сыдық" мешітінің имамы Бақыт Нұрлыханов 1 жолаушыға діттеген жеріне жету үшін жол кіресін табыстады.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі