#Шу: Аудан имамы ақсақалдармен кездесті

#Шу: Аудан имамы ақсақалдармен кездесті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

        Өмірлік тәжірибесі мол, көпті көрген қарияларды біз қазынаға балаймыз. Олармен кеңесіп, ақылын тыңдаған адам азбайды. Адаспайды. Асыл дінімізде үлкендерді береке деп бағалаған. Оларды құрметтеу сөзсіз сүннеттен.

Жуырда Шу ауданының бас имамы Бахтияр Амантайұлы Бәйдібек ауылында болып, ауылдың қарияларымен кездесті.

    Кездесу барысында діни ахуал талқыланып, жастар тәрбиесі сөз болды. Сонымен қатар бас имам қариялардың сауалдарына жауап беріп, аткарылған жұмыстарды баян етті.

  Өз кезегінде бәйдібектік ақсақалдар бас имамға  баталарын беріп, алдағы жұмыстары жемісті болуына тілектестік білдірді.

Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: