Мойынқұм ауданының бас имамы Еспенбетов Рысбай Асылбекұлы Күшаман ауылының халқымен «Діннің адам баласына қажеттілігі» тақырыбында кездесу ұйымдастырды.
Қалада немесе ауылда өсіп келе жатқан өскелен ұрпақ үшін діни тәлім-тәрбиені алудың қаншалықты маңызы зор екендігін айтпасақ та түсінікті.
Имам жиында бойды харамнан аулақ ұстау, кісі ақысына кірмеу, аманатқа қиянат жасамау, елдің тыныштығын бұзбау сынды жастардың бойынан табылуы қажет болған қасиеттерді жастарға түсіндірудің маңыздылығын ауыл тұрғындарына жеткізді.
Мойынқұм аудандық мешітінің баспасөз қызметі