#Шу: Қажетті тақырыптар қаузалды

#Шу: Қажетті тақырыптар қаузалды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ынтымақ пен бірлік қай халықтың болмасын берекесі саналады. Ол туралы көптеген аят пен хадис, ата-бабаларымыз айтқан сөздерде айтылған. Өйткені бірлік бар жерде тірлік бар екені екі бастан белгілі.

Жуырда Шу ауданы "Баласағұн" мешітінде осы тақырыппен уағыз айтылды.

Мешіт имамы Байұзақ Жаманкеев жамағатқа ауызбіршілікте болу, бөлінбек, бауырмал болудың маңызына тоқталып, көпшілікті осындай сипатта болуғатшақырды.

Сондай-ақ қазіргі таралып жатқан ілімнің бірі- Ихсан екені даусыз. Осы ілімді кеңінен тарату арқылы еліміздің әр азаматын иманды, ұятты, жауапкершілікті болуға тәрбиелеуге мүмкіндік бар.

Шу ауданы Бірлікүстем ауылдық мешітінің имамы Жетпісбай Әлімбеков құлшылық жасауға келген жамағатқа Ихсан ілімі туралы уағыз айтып, оның мағынасына тоқталды.

Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: