Аудан имамы Р.Еспенбетов Мойынқұм аудандық әкімшілік қызметкерлерімен «Бабалар ұстанған дұрыс жол» тақырыбында кездесу өткізді.
Басты мақсат - жастардың жат жолды дәріптеушілердің жетегіне еріп кетпей, бабалар ұстанған дұрыс жолды сөз жүзінде емес іс жүзінде ұстану керектігін жеткізді.
"ҚМДБ-ның еңбегімен қаншама кітаптар жарық көруде, ол кітаптарды оқу арқылы ілімімізді арттырып жалған топтардың жолына тосқауыл болатын әрекеттер жасау қажет" - деп қосты имам сөзінде.
Мойынқұм аудандық мешітінің баспасөз қызметі