#Т.Рысқұлов: «Жылу сыйла» акциясы жалғасты

#Т.Рысқұлов: «Жылу сыйла» акциясы жалғасты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

   Тұрар Рысқұлов ауданы Абай ауылының жаны жомарт азаматы ауылдағы тұрмысы төмен екі мұқтаж отбасына қыс мезгілінің ортасында үй жылыту үшін 2 тонна көмір түсіріп берді. «Қалқабай ата» мешітінің имамы Таукеев Талғат бұл қайырымды іс-шараның басы қасында болып, арнайы барып өз қолымен табыстап қайтты.

  Сонымен қатар, «Қалқабай ата» мешітінің жамағатынан жағдайы төмен бір мұқтаж отбасыға 38000 теңге көлемінде қаражат берілді.

  Осы қайырымдылық акцияларына демеуші боп қолдау білдірген жаны жомарт ауылдастарына ризалығын білдіріп, алғыс айтты. Алла осынау игі амалдарды қабыл етсін!

Т.Рысқұлов аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: