#Т.Рысқұлов: Жат ағымның алдын алу жұмыстары жасалуда

#Т.Рысқұлов: Жат ағымның алдын алу жұмыстары жасалуда

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тұрар Рысқұлов ауданы Рахым Сәбденов ауылдық орта мектебінде діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу барысында «Жат діни ағымдардың идеологиясының таралуын алдын алу» атты тақырыпта оқушылармен кездесу өтті. Кездесуде Сәбденов ауылдық «Отарымбет» мешітінің имамы Байқожаев Қалтай тақырып бойынша мектеп жастарына баяндама жасады.

Қалтай имам сөзінің барысында: "Дәстүрлі емес діни ағым мүшелерінің басым көпшілігі жастар. Олар ондай ағымдарға рухани азық іздеп кіріп жатқаны да қаперден шықпауы керек. Ұлттық құндылықтарды насихаттау, ата-баба дәстүрін ұлықтау арқылы да, елдің рухани байлығын мемлекеттік брендтерге айналдыру арқылы да жастарды дұрыс жолдан жыра кеткен ағымдардан құтқарып қалудағы бір тәсіл болып табылады," - деп, өз тәсілін айта кетті.

 Қуаныш Тузелбеков

Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: