Асыл дініміздің атын жамылып өздерінің ислами емес пиғылдарын көрсететін ағымдар аз емес. Ол қияметке дейін болатынын Ардақты Алла елшісі (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) айтып кеткен. Жат ағымдардың жетегінде кетпес үшін діни сауат керек. Ал оны жергілікті мешіттегі имамдардан алған жөн.
Жуырда Шу ауданы Көктөбе ауылындағы "Ракыш ата" мешітінің имамы Ерғазы Акпанов бесін намазына келген жамағатқа жат ағымдардың жетегіне еріп кетпеу, олардың зияны мен зарары, сақтану жолдары туралы уағыз айтып, маңызды мәселені талдады.
Жамағаттың сауалына жауап қатып, Жаратушыдан тура жолдан тайдырмауды сурады.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі