Жамағат қары имамға Ұмраға жолдама сыйлады

Жамағат қары имамға Ұмраға жолдама сыйлады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Облыстық "Һибатулла Тарази" мешітіне жиналған көпшілік Тараздағы "Әбу Бәкір Сыддық" мешітінің имамы, қари Қасымжан Бектаевқа ұмра қажылығына жолдама сыйлады. 

"Һибатулла Тарази" мешітінің наиб имамы Нұралы Бақытұлы мен мешіт жамағатының ұйытқы болуымен 1 күнде көптеген игі жандардың, жамағаттың атсалысуымен Қазақстанның әр түкбірінен 800 000 теңге жиналды. 

Көпшіліктің бас қосуында Нұралы Бақытұлы сөз сөйлеп, ұлы сапарға жолдаманы қары имамға табыс етті. Мұндайды күтпеген Қасымжан қари Аллаға шүкірлік пен жамағатқа алғысын білдіріп, өз әсерімен бөлісті. 

Осындай керемет жаңалықты естіген имамның әкесі қуаныштан көзіне жас алды. Мұны көрген қаридың інісі Қанат  әкесін де қосып қажылыққа жіберетінін айтып сүйіншіледі. "Ол Алланы сүй жаннан тәтті" деп Абай атамыз айтқандай, жас жігіттің әкесінің көңілін екі есе қуантқаны тағы сүйсіндірді. 

"Жақсылыққа жол сілтеуші, сол жақсылықтың сауабын алады" - дейді шариғатымызда. Жамағат та Қасымжан имамға қосылып әкесінің бірге баруына қолғабыс болуда.

Алла бұйыртса, қуаныш артынан қуаныш еріп, әкесі мен ұлы қасиетті мекенге аттанбақ.

Алла тағала себепші болған барлық жандарға жаннатты нәсіп етсін.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: