Халал асқа сұраныс күн санап өсіп келеді. Кәсіпорындар да таза даярлайтындығын дәлелдеу үшін сертификатты болуды қалайды.
Ал ҚМДБ "Халал Даму" ұйымы сертификат алған кәсіпорындарға үздіксіз тексеру жүргізіп отырады.
Осындай керекті тексеру "Назармұхамедов" ЖК шұжық өнімдерін шығарушы цех пен "Тындыбаев" ЖК кәсіпорындарында жүргізілді.
Цехтарға арнайы барған ҚМДБ "Халал Даму" Жамбыл облысы бойынша өкілі Нұрматжан Миразизов өзі аралап, тазалығын стандартқа сай деп бағалады.
Сонымен қатар қызметкерлерге халал жайында семинар-тренинг өтіп, кәсіп иелеріне сертификат табыстады.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі