Жамбыл ауданы орталық «Бәйдібек» мешітінде ауданның бас имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлы ауыл имамдарымен жиналыс өткізді. Жиналыста ең басты тақырыпқа айнылған «Жеті рухани қазық» тұғырнамасы болды.
Тұғырнама аясында аудан имамы ауыл имамдарына бірқатар тапсырмалар берді. Соның ішінде ауыл имамдарына Қазақстан Мұсылмандары рухани тұғырнамасын ел арасында жиі насихаттау керектігі, сонымен бірге, мешітке келген әрбір жамағаттың санитарлық талаптарды орындауын басты назарда ұстауды тапсырылды.
«Иманым – жиғаным», – деп бақытын Исламнан іздеген бабаларымыз сан ғасырдан бері салт пен сүннетті үйлестіріп, өнегелі өмір сабақтастығын қалыптастырды. Аллаға шүкір, ізгілердің ізін басқан бүгінгі ұрпақ ата салтын сақтап, дәстүрлі діннің құндылықтарын өмірінің темірқазығы етті. Имандылық бастауы болған ұят, ар, намыс, обал, сауап, ізет сынды ұғымдар халқымыздың өмір салтында әдемі әдетке айналды. Тәлімдік құжаттың алғашқы ұстынында имандылықтың көріністері баяндалады.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі