#Жамбыл: «Жеті рухани қазық» Қазақстан мұсылмандарының рухани тұғырнамасы

#Жамбыл: «Жеті рухани қазық» Қазақстан мұсылмандарының рухани тұғырнамасы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл ауданы орталық «Бәйдібек» мешітінде ауданның бас имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлы ауданға қарасты ауыл мешіттерінің имамдары мен мешіт жамағатына «Жеті рухани қазық» тұғырнамасы аясында кездесу өткізді.

Кездесуде аудан имамы «Жеті рухани қазық» тұғырнамасының негізгі міндеттері мен ерекшеліктеріне жіті тоқталып, ауыл имамдарына аталған тұғырнаманы жамағатқа жиі насихаттау керектігін тапсырды. Тұғырнама мұсылманның тұла бойында табылуы тиіс негізгі жеті көркем сипатты қамтиды. Атап айтқанда, имандылық, отаншыл болу, білім алу, бірлікке болысу, еңбекқорлық, мәдениетті болу және әділдік принципін ұстану. Бұл – адам баласының кісілік келбетін, көркем мінезін қалыптастыруға негіз болатын жеті рухани қазық.

«Иманым – жиғаным», – деп бақытын Исламнан іздеген бабаларымыз сан ғасырдан бері салт пен сүннетті үйлестіріп, өнегелі өмір сабақтастығын қалыптастырды. Аллаға шүкір, ізгілердің ізін басқан бүгінгі ұрпақ ата салтын сақтап, дәстүрлі діннің құндылықтарын өмірінің темірқазығы етті.

Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: