#Шу: Жұмыла көтерген жүк жеңіл

#Шу: Жұмыла көтерген жүк жеңіл

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Саусақ бірікпей ине ілікпейді деген екен дана халқымыз. Расында бірлік бар жерде тірлік пен береке бар. Осыны жақсылыққа жаны құмар жамағат жақсы түсінеді. Сол себепті көптеген істе ынтымақ танытып, ырыстары тасып жүр.

Жуырда Шу аудандық "Жәми" мешітінің жанындағы ескі мешіт ғимаратының еденін ауыстыру жұмыстары жүргізілді. Жұмылған жамағат ескі еденнің ағаштарын жаңасымен алмастырып, іске білек сыбана кірісті. Нәтижесінде жұмыс тез жүріп, ойдағы іс орындалды. Осы мешіттің наиб имамы Мадияр Әбиқұл сауапты іске ұмтылғандарға алғысын білдіріп, батасын берді.

Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: