Талас аудандық "Қажы би" орталық мешітінің бас имамы Жалғас Жұбатқанов және Талас аудандық ақпараттық түсіндіру тобының (АТТ) мүшесі Жанұзақ Рысбекұлы "Қаратау тау-кен технологиялық" колледжінде "Біз экстремизм мен терроризмге қарсымыз" тақырыбында кездесу өткізді.
Кездесудің мақсаты - жастарды, студенттерді, өскелең өрендерді қоғамдағы болып жатқан оқиғаларды, ұрымтал сәттерді өз мүдделеріне пайдаланатын кейбір топтардың үгіт-насихатына әсерленіп қалу қауіпінен сақтандыру.
Сонымен қатар көкейкесті дінге байланысты, әлеуметтік сұрақтар болса арнайы мамандардан ғана ақпарат алу керектігі баяндалды. ҚР-да дін бостандығы болғанмен, қоғамға, жеке тұлғаларға кері әсерін тигізетін жағдайлар анықталған жағдайда жауапкершілікке тартыландығы түсіндірілді.
Аталмыш кездесуде бас имамның Жұбатқанов.Ж студенттерге дәстүрлі дінді егжей- тегжейлі түсіндіргені құнды болды. Алдағы уақытта осындай бірлескен түрде өтетін іс-шаралардың жиі өткізілу керектігі талапкерлер тарапынан ұсыныс тасталды. Санитарлық талаптарды сақтай отырып өткізілген іс-шараға 25 адам қатысты.
Талас аудандық мешітінің баспасөз қызметі