Ас беру, дәм басында дидарласу халқымыздың ертеден келе жатқан дәстүрі екені даусыз. Оның тамыры Ардақты Алла елшісінің (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) саф сүннетінен негіз алатыны ақиқат.
Осыған орай Шу ауданы «Тоғай» мешітінде жамағатқа айлық дастархан жайылып, алқа-қотан жиын өткен болатын. Дастарханға қол созғандар мешіт имамы Мағжан Мұратұлының уағызын тыңдап, Алланың есім сипаттарына қатысты білімдерін жетілдірді. Тақырып бойынша тереңнен толғанға имамға жамағат сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын алды.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі