Жамағатты жақсылыққа шақырып, ұдайы уағызбен сусындатып жүретін жердегі Алланың үйі сауапты іске ұйытқы болып жүр. Көмекке мұқтаж жандардың тізімін жасақтап, шама келгенше көмектесіп отыруды әдетке айналдырғанын көріп отырмыз.
Жуырда Шу ауданы "Төле би" мешітінің бас имамы Талғат Кәрібайұлының ұйымдастыруымен үлкен қайырымдылық шарасы өткен болатын. Онда екі отбасыға 7 қап көмірден таратылып, 6 отбасыға 1 қойдың еті берілді. Сонымен бірге дәрі-дәрмек үшін қаржы сұраған орыс апайдың қолына 5 мың теңге берілді.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі