Қайдар ауылдық мектебінде ата-аналар мен мектеп оқушыларының қатысуымен деструктивті ағымдардың алдын алу жұмыстары жүргізілді.
Жиынды Сарыбұлақ мешітінің имамы Серік Рахимбаев жүргізіп, деструктивті ағымды ұстанушылардың келбеті, салт-дәстүрге қарсы келетін тұстары, қателескен мәселелері жайлы ақпарат беріп өтті.
Ата-аналар мен жастардың сұрағына толыққанды, нақты жауаптар беріп, баланың бұрыс жолға түсіп кетпеуі үшін діни сауаттылықтың иммунитет болатындығын жеткізді.
Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі


11 Тамыз 2026
26 Сафар 1448

