Қордай ауданы Масаншы ауылы "Мұсылмандар" мешітінде ихсан ілімі жайлы көркем насихат айтылды. Уағызды Құран Қарилар даярлау орталығының директоры Ғалымжан Шерниязов жүргізді.
Білікті маман ихсан ілімінің адам баласының өмірі мен ақыретіне тигізетін пайдасы жайлы кеңінен ақпарат беріп, аят, хадистермен нақтылап, дәлел келтіріп өтті.
Көпшілік көкейкесті сауалдарын қойып, мардымды жауаптарын алды.
Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі