#Қордай: Қайырымдылық - екі дүние берекесі

#Қордай: Қайырымдылық - екі дүние берекесі

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жақсылық! Алланың құдіреті шығар, осы бір сөзді құлағымыз шалса болды, жанымыз жадырап сала береді. Біреуге жақсылық тілеу, қолдан келсе жақсылық жасау, Алла Тағаладан жақсылық сұрау адам өмірін мәнді де мазмұнды ететін қайырлы әрекет екені бесенеден белгілі.

Осы бір игі амал Қордай ауылдарында жиі-жиі тұрғындарды қуантып жүр. Осының тағы бір көрінісі "Жамбыл әуәл әл-Хафиз" мешітінде 2 қой сойылып, еті 8 отбасыға үлестірілді.  Шараға 100 000 теңге қаражат жұмсалды.

Ал екінші бір қайырымды амал Кенен ауылдық мешіті мен ауыл жамағатының ұйымдастыруымен іске асты. Игі жандар 1 отбасының үйіне табиғи газ кіргізіп беруге септік болды. Отыны таусылса сыз үйде мұздап отыратын отбасы үшін бұл ұлы тойдай береке, көмек болды. Айта кетейік, ол үшін 250 000 теңге қаражат жұмсалды.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: