#Шу: Үлгілі іс үрдіске айналды

#Шу: Үлгілі іс үрдіске айналды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Дініміз бен дәстүрімізде қайырымдылық қошталған амал. Оның сауабы мол, салмағы ауыр болады. Сондықтан Алладан шама жеткенше қорқып, шама келгенше садақа берген абзал болмақ.

Жуырда Шу ауданы Қонаев ауылдық мешітінің имамы Ердәулет Құлыбек жамағат жиған 140 мың теңге қаражатқа  азық-түлік алып, оны 7 отбасыға үлестірген болатын. Ауқымды себет ішінде талғажау етерлік тағамдар салынған. Ауыл тұрғындары бұо әрекетке бек разы болып, батасын берді.

Сондай-ақ Шу ауданы "Күнту баба" мешітінің имамы Берік Әуесбаев 25 мың теңгеге азық-түлік себетін алып, бір отбасыға табыстағанын айта кеткен жөн.

Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: