Әр істің өз маманы бар. Дін де дәйек пен дәлел қажет ететін өте нәзік нәрсе. Сондықтан осы саладағы сұрақтар білім иелерінен сұралуы тиіс.
Жуырда Шу ауданы Алға ауылы "Асайын кәлпе" мешітінің имамы Шаттық Қамаубаев ауылдық кітапхана ұйымдастырған кездесуге қатысып, "Дін мен дәстүр" тақырыбында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сұрақтарға жауап берді.
Сол сияқты Шу ауданы "Хати Сауранбай" мешітінің имамы Бақытжан Тілемісов ауылдық клубта Ш.Уәлиханов атындағы орта мектептің оқушыларымен жүздесті. Жүздесу барысында "Дін мен мәдениет" туралы әңгіме өрбіп, салихалы сұхбат өтті.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі