#Меркі ауданы: Спорттық ойын өтті

#Меркі ауданы: Спорттық ойын өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі ауданы, Ойтал ауылы «Намазхана» мешітінің имамы Олжабаев Жанболаттың ұйымдастыруымен жастар арасындағы бірлікті, бауырмашылдық пен салауатты өмір салтын ұстануды насихаттау, жалпы адами құндылықтарды қалыптастыру мақсатында спорттық ойын ұйымдастырылды.

Мешіт жамағатынан құралған жастар арасындағы ойын басталарда имам жастарға: «Іс-шарадағы мақсат – жамағат арасындағы бірлік. Ендеше, ойын барысында қандай тартыстар болатын болса, бұл күш арасындағы тартыс. Алайда, жүрегіміз бір болуы тиіс. Алла Тағала ісімізді оңғарып, ризалығына бөлесін», - деп, өз тілегін айтып, жақсы, әдепті ойын көрсетуге шақырды.

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: