Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінде Мысырдағы "әл-Әзһар" университетінің түлегі, Республикалық ақпарат-насихат тобының мүшесі, Жамбыл облысының найб имамы Нұралы Бақытұлы арнайы келіп, жамағатқа «Ынтымақ, бірлік» және де «Әйел затының хақысы» жайында кеңінен уағыз-насихат жұмыстарын жүргізді.
Аталған тақырыптағы уағызды тыңдау үшін алыс-жақын мешіттердегі имамдар мен олардың жамағаттары да қатысты.
Уағыз соңында жиналған жамағат өз ризашылығын білдірді.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі