Шу ауданда көптеген шаруалар бөріктілердің болысуымен бітіп жатады. Мешіт ісіне қыз-келіншектер де атсалысып тұратынын жазғанбыз.
Сондай-ақ салихалы шараларды тағы бір жария етпекпіз. Жуырда Шу аудандық мешіттің әйел-қыздар секторының себеп болуымен 2 отбасыға азық-түлік себеті табысталған болатын.
Сол секілді салмақты шара ұйымдастырылды. Аталған сектордың бастамасымен нәзік жанды жамағат арасында Алла Тағаланың көркем есімдерін жатқа айтып, мағынасын түсіндіру бойынша сайыс өткен-тін.
Қызу өткен додаға көптеген үміткер қатысып, жүзден жүйрік атанғаны жеңімпаз деп танылды. Оларға естелік сыйлықтар мен марапат қағазы тапсырылды.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі



13 Қаңтар 2026
24 Раджаб 1447

