Ардақты Алла елшісі (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) құрбан шаларда екі қой сойып, бірі өз атынан, бірі үмметінің атынан арнайтын. Осы сүннет асыл дінімізді азық еткен бабаларымызда кеңінен таралған.
Жуық кундері Шу ауданы "Төле би" мешітінің бас имамы Талғат Кәрібайұлының ұйытқы болуымен 1 бас үлкен қой сойылып, осы мешіттің азаншысы Ибрагим Мустафаұлымен бірге 7 жанұяға таратты.
Сондай-ақ осы ауданға қарасты Бірлікүстем ауылдық мешітінің имамы Жетпісбай Әлімбеков те 1 бас қой сойылып, 5 отбасыға үлестіріп берді.
Қайырымдылық шарасының шарапатын көрген жандар жылы лебіздерін білдіріп, алғыстарын жеткізді.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі