Ас - адамның арқауы. Сонымен бірге бауырмалдықты арттыратын амал деп осы ас беруді айтуға болады. Сол үшін мүмкіндік барынша қонақжай болып, дастарханға шақырып түру абзал іс болмақ.
Жуырда Шу ауданы "Төле би" мешітінің тұрақты жамағатының бірі Мұхит мырзаның ұйымдастыруымен айлық дастархан жайылған болатын. Көпшілік батасына ие болу мақсатындағы мәжілісте аталған мешіт бас имамы Талғат Кәрібайұлы "Отан тыныштығы" "Ауызбіршілікте болу" тақырыбында, оның орынбасары Нұржан Қалиев некенің маңызы туралы уағыз айтып, көпшілікке насихат жасады.
Дастарханға жиналған жамағат ұйымдастырушыға алғыстарын айтып, Алла разы болсын десті.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі