Бітер істің басына жақсы келер қасына дегенді дана бабаларымыз дөп айтқан. Бүгінгі таңда сауап іздеп, сондай сәтті орайын тауып, амалға айналдырып жүргендер көптеп артылады. Сондай игілікті іс жуырда Шу ауданында өткен болатын.
Шу ауданы "Бірлік" ауылдық мешітінің имамы Медет Жұматаевтың бас болуымен ауылдың мүмкіндігі шектеулі тұрғынына мүгедектер арбасын сыйлағаны сүйсінерлік жұмыс болды. Құны 80 мың теңге болатын арбамен қоса азық түлік түрінде де көмек берілгенін атап өткен жөн.
Сол секілді Көкқайнар ауылдық мешітінің имамы Темірлан Оразбаев ауылдық балалар бақшасына екі кілем беріп, балалардың ауылды болып өсуіне тілектестік танытты.
Шу аудандық Жәми мешітінің баспасөз қызметі