#Шу: Қайырымдының қайғысы болмас

#Шу: Қайырымдының қайғысы болмас

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ардақты Алла елшісі (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) мұсылмандар үшін барлық жағынан үлгі екені хақ. Ол кісі садақа берушілерден еді. Әрі осы іске баршаны қызықтыратын. Ол туралы дінімізде дәлелдер жетіп артылады.

Жуырда Шу ауданы Шу қаласындағы қос мешіт қайырымдылық шарасын ұйымдастырған болатын. Онысы аз-аздан болса да үздіксіз жасау абзалдығын ақылға оралтады.

Атап айтқанда "Кәрібай молда" мешітінің мұрындық болуымен 3 отбасыға азық-түлік себеті таратылып 15 мың теңге жұмсалса, "Айтқұл баба" мешітінің қызметкерлері де 3 отбасыға азық-түлік себетін беріп, 20 мыңға жуық қаржы жұмсады.

Бұрынғысы мен бүгінгісін бағамдап аталған мешіттердің алдағы уақытта сауапты істері көп боларын сеземіз. Лайым солай болғай!

Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: