#Шу: Ауылда болса, ауызға тиеді

#Шу: Ауылда болса, ауызға тиеді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгінгі таңда ауылдағы ағайынның бір біріне қарайласып, қайырым жасауды үрдіске айналдырғаны бізді қуантады. Бұл дінімізде де, дәстүрімізде де көрінісі көркем амал. Соны насихаттау біздің борышымыз.

Таяуда Шу ауданы Ақтөбе ауылдық "Жылгабек" мешітінің имамы Әбусейіт Қоспановтың басшылығымен ауылдағы тұрмысы төмен 4 отбасыға азық-түліктің қомақты қоры табыс етілді.

Атап айтқанда 4 қап ұн, 40 келі қант, сұйық май т.б заттар 125 мың теңгеге алынып, аталған отбасыларға теңдей үлестірілген. Ауылдастарының ықыластарына алғыс білдірген жандар ақ батасын берді.

Шу аудандық "Жәми"  мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: