#Шу: Қаржылай көмек берілді

#Шу: Қаржылай көмек берілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Дөңгеленген дүниеде мұқтаж адамдар жетерлік. Оларды Байкал үшін баршамыздың көкірек көзіміз ашық болуы шарт. Сонда ғана садақаның сауабын терең түсініп, амал жасауға асығасын. Өйткені садақа беру туралы асыл дінімізде көптеген ынталандыру айтылған.

Жуырда Шу ауданы Абай ауылының "Оспанәлі" мешітінің имамы Бағдәулет Оңғарбаевтың бастауымен, қайырымды жандардың қоштауымен игі іс жүзеге асқан болатын. Олай дейтініміз аталған ауылда жомарт жандар 250 мың теңге жинап, оны 50 мың теңгеден теңдей бөліп 5 отбасыға үлестірген болатын.

Көптеген шаруалар қаржыға келіп тірелетінін білген ауыл тұрғындары жерлестерінің жасағандарына дән риза әрі алғыстарын жаудырып жатыр. Алла амалдарын қабыл етіп, көпке үлгі болуға жазсын

Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: