#Жамбыл: Отбасының тірегі – сыйластық

#Жамбыл: Отбасының тірегі – сыйластық

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл ауданы орталық «Бәйдібек» мешітінде аудандық «Әйел-қыздар секторының» арнайы айлық дастархан отырысы өтті.

Кездесуде аудандық мешіттің ұстазы және «әйел-қыздар секторының» жетекшісі Жайна Бекназарова «Отбасының тірегі –сыйластық» жайында кеңінен уағыз-насихат айтып, қыз-келіншектердің сұрақтарына жауап берді.

  Аталған отырыстың соңында жиынға қатысқан шәкірттер қонақ болған қыз-келіншектерге арнайы сыйлықтарын табыс етті. «Отан – отбасынан басталады» демекші, отбасы – қоғамның ең маңызды құрылымы. Сондықтан Ислам отбасына көп көңіл бөледі.

Отбасында ең әуелі сенім мен сыйластық, сезім мен сүйіспеншілік болса, жұбайлар өмірінің шырайы артып, кездеспей қоймайтын тіршіліктің ащысы мен тұщысын, суығы мен ыстығын, қайғысы мен қуанышын бірге бөлісіп, қандай жағдайда болсын, босағасы берік болмақ.

Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: