#Меркі ауданы: Бағаны тұрақтандыру

#Меркі ауданы: Бағаны тұрақтандыру

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Өңірдегі тұрғындар қауіпсіздігін сақтау және әлеуметтік қолжетімді тауарлар бағасының тұрақтылығын бақылау мақсатында Меркі ауданы, Сұрат ауылы «Сұрат» мешітінің имамы Азамат Оразқұлұлы жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, Сұрат ауылындағы дүкендерді аралады.

Тауарлардың тұрақты бағасының сақталуы және сақтық шараларын бақылау мақсатында имам Азамат Оразқұлұлы дүкен иелеріне халықтың басына түскен нәубетті пайдаланып, күнделікті тұрмысқа қажетті азық-түліктің бағасын қымбаттату шариғатымызда тыйым салынған. Білеміз сіздердің жұмыстарыңыз Алла берекесін берсін, бірақ халыққа қарайлассаңыздар сауапқа кенелесіздер деп, жақсылыққа шақырды.

Дүкен иелерін және дүкенге келген азаматтарға бетперде тағу керектігін және ауыл халқына сақтық шараларын ұстану керектігін айтты. 

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: