#Жамбыл: Уақыттың қадірі

#Жамбыл: Уақыттың қадірі

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл ауданы Жастар орталығында ауданның бас имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлы жастармен кездесті. Келелі кездесуде сөз болған басты тақырып – «Уақыттың қадірі». Әрине, қазіргі таңда жастарымыз уақытты текке өткізіп жатады.

Бұл әрине, құптарлық іс емес. Аудан имамы жастарға адам баласы үшін бір минуттың да қадірі білу керектігін айтып, сұрақтарына жауап берді, және де уақытты пайдалы дүниеге, білім алуға жұмсау керектігін ескертті. Хәкім Абай айтқандай:

Жасымда ғылым бар деп ескермедім,

Пайдасын көре тұра тексермедім.

Ер жеткен соң түспеді уысыма,

Қолымды мезгілінен кеш сермедім, – деп өкініп жатады.

Жастық шақты дұрыс өткізудің қаншалықты маңызды екенін осы ақынның осы өлең жолдарынан-ақ түсінуге болады. Адам жастық шағын ғылым ізденумен, пайдалы нәрселерді үйренумен өткізсе, қалған ғұмыры мәнді-сәнді болары анық.

Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: