#Жамбыл: Құранға құрмет – мұсылманға міндет

#Жамбыл: Құранға құрмет – мұсылманға міндет

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл ауданы Қаламаңы ауылы «Хаджи Тамал  Мадина» мешітінің имамы Абилов Ансар бесін намазына келген жамағатқа «Құранға құрмет-мұсылманға міндет» тақырыбында кеңінен уағыз айтып, жамағат сұрақтарына жауап берді.

  Қасиетті Құран Кәрім – он төрт ғасырдан бері мұсылмандар үшін рухани бастама және шабыт көзі. Бұл – Алла елшісіне (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) уахи ретінде түсіп, әлі күнге түпнұсқа күйінде сақталған бірден-бір кітап.  Әрбір мұсылман үшін һәм жалпы мұсылман үмбеті үшін маңызды. 

Осы ретте Құранды оқудың, жаттаудың, ұстанудың, зерттеудің, оған деген үнемі сүйіспеншіліктің, оның аяттарының мағыналары мен құпияларына ой жүгіртудің артықшылығы біз ойлағаннан да көп екендігін түсінгеніміз жөн!

Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: